АЛТЫН МЕН КҮМІСТІ ҚАЛАЙ САТУ ҚАЖЕТ?

Алтын мен күміс – ақшалық құны бар бағалы, табиғиметалл. Шариғатта алтын мен күміс өсім жүретін заттарға жататындықтан оларды сату кезінде теңбе-тең және қолма-қол жүзеге асыру керек.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Алтынды алтынға бірдей етіп қана сатыңдар, біреуін екіншісінен артық етпеңдер. Күмісті күміске бірдей етіп қана сатыңдар, біреуін екіншісінен артық етпеңдер. Оның бірін қазір беріп, екіншісін кейін алуға сатпаңдар»[1], деген. Келесі хадисте:

«Егер жыныстары әртүрлі болатын болса, қолма-қол болу шартымен қалағандарыңша сата беріңдер»[2], делінген.

Алтын мен күміс саудасы төмендегі көріністерде жүзеге асады:

1. Алтынды алтынға немесе күмісті күміске айырбастау. Алтынды алтынға немесе күмісті күміске айырбастағанда қолма-қол әрі екеуінің де өлшемі бір болуы шарт. Егер бір тараптың алтыны немесе күмісі көп не кем болса, онда өсім болады. Екеуінің бірі ескі не жаңа, сапасы жоғары не төмен болуына және т.б. мән берілмейді.

2. Алтынды күміске немесе күмісті алтынға сату. Бұл сауданың түрінде де қолма-қол принципі негізге алынады. Өлшемінің бірдей болуы шарт емес.

3. Саф алтынды немесе күмісті ақшаға сату. Саф алтын мен күмісті сату барысында төлем қолма-қол болуы тиіс. Алтын мен күмісті алып, ақшасын кейін беруге немесе ақшасын төлеп, алтын мен күмістікешіктіріп алуға болмайды.Өйткені көпшілік ғалымдар қолданыстағы ақшалардаалтын мен күміске қатысты үкімдер сақталуы керектігін айтқан [3].

Осы пікірге орай алтын мен күмісті және одан жасалған бұйымдарды бөліп сатуға болмайды. Себебі бұл жерде қолма-қол принципі жүзеге аспайды. Алайда алтын мен күмісті сатып алуға қаражаты жоқ адам оларды қарыз ретінде алып, кейін қарызын алтынмен немесе оның құнын сол күнгі бағамен қайтарады [4].

Дегенмен кейбір ғалымдар алтын мен күмістенжасалған бұйымды бөліп сатуға болатынын айтқан. Өйткені бұйым жасалуымен алтын мен күмістің ақшалық сипатыжоғалыптауарға айналады. Сондықтан оны кез келген тауар секілді бөліп төлеуге, ақшасын кешіктіріп беруге болады дейді[5].

Имам Сарахси: «Алтын немесе күміс жүзікті ақшаға сатуға рұқсат. Тіпті ақысын кешіктіріп беруге де болады. Өйткені бұл сауда, ақша айырбастау мәселесіне ұқсамайды»[6], – деген.

ҮКІМ:
  1. Алтын мен күмісті қолма-қол сатып алуға рұқсат етіледі.
  2. Саф алтын немесе күмісті бөліп сатуға (рассрочка) болмайды. Тек қарыз ретінде алып, алтынның өзін немесе құнын сол күнгі бағамен қайтарады.
  3. Алтынды алтынғанемесе күмісті күміске айырбастағандатеңбе-тең және қолма-қол жүзеге асуы шарт.
  4. Алтын немесе күмістен жасалған жүзік, сырғаны т.б. бұйымдарды бөліп сатуға рұқсат етіледі.

Шариғат және пәтуа бөлімі

 

[1] Имам Бухари риуаят еткен.

[2] Имам Муслим риуаят еткен.

[3] Исламфиқһы академиясының журналың үшінші саны, 9/23. Ислам фиқһы академиясы 5 отырыс, Мекке қаласы, №6 қарар, 100-102.

[4] Әл-Муфассал, 2/ 238.

[5] https://dar-alifta.org/Home/ViewFatwa?ID=13702. Мухаммад Тақи әл-Усмани, Фиқһу әл-Буйуғ, 2/762.

[6] Әл-Мәбсут, 14/25. Мухаммад Тақи әл-Усмани, Фиқһу әл-Буйуғ, 2/763.