АЯГӨЗ:ЕРЕЖЕП АЙЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЖАСАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ (ФОТО)

     Аягөз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен Алланың айы – Ережеп айы құрметіне қайырымдылық шарасы қолға алынды. Мешіттің Бас имамы Алмас Айткәрімұлы: «Кең болсаң, кем болмайсың» – деген қағиданы ұстанған дана халқымыздың мұқтаж жандарға қайырлы іс жасап, қол ұшын созып, көмек көрсетуі өсиетпен үлгі, өнеге. Біздердің жасаған әрбір жақсы ісіміз қайырсыз кетпейтіндігі жайында қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» – дегендігін тілге тиек етті. Еріктілер 40 көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына күнделікті тұрмысқа қажетті қаптағы ұн, ас бұршақ, т.б азық – түліктерді үйлеріне жеткізіп берді.