БАС МҮФТИ: ИМАМ – ҚОҒАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУШІ, АҒАРТУШЫ ТҰЛҒА (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді. 

«Имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы тұлға. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді. Имамдардың жан-жақты, білімді болуы – заман талабы. Дін қызметкерлері мықты уағызшы болуымен қатар, үнемі ізденіс үстінде жүріп, салауатты өмір салтын сақтап, сүннет жолынан таймауы тиіс. Сондықтан біз, дін қызметкерлері сүннетті салтымызға айналдыруымыз қажет. деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.