АБАЙ ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ (ФОТО)

 Семей қаласының  «Абай Құнанбайұлы» орталық мешітінде Наурыз мейрамы ауқымды  аталып өтті. 

Күн мен түннің теңелер, жер бусанып көктемнің шырайы келетін ұлттық мереке – Әз-Наурыз! Осынау айтулы мереке қарсаңында  Семей Орталық мешітінің ауласында қазақы киіз үй тігіліп, жайылған салтанатты дастарханда наурыз көже етілді. Ер адамдар арқан тартыс, кір тасын көтеру сайысы өтті.

“Наурыз – береке мен ынтымақтың бастауы екендігі, бұл күні табиғаттың өзі жаңарып, тіршілік біткен түлейді. Біз Наурызды қыстан аман шыққан халықтың жаңа жылға аяқ басуына шүкіршілік ету, жаңа істерге бастамашы болу, ынтымақты, достықты арттыру мақсатында,халықтық мереке ретінде дәріптеуіміз керек» деді Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Осы орайда қонақтар Семей қалалық мешіттер ұжымы мен дін қызметкерлеріне алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Халық бірлігі мен ынтымағы үшін дұға жасалып, бата берілді.