ЕНЕЛЕР МЕН КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлық  ӘЗ – НАУРЫЗ мерекесіне орай енелер мен келіндер сайысы өтті. Алдымен, Алланың кәламы болған қасиетті Құран-Кәрімді оқумен басталып, «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық  мешітінің наиб имамы  Айқын Рүстемұлының  лебізімен жалғасын тапты. Жарыста бес енелер мен келіндер тобы бақ сынады.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

1 кезең – Таныстыру,

2-кезең – Қол өнері ,

3-кезең – Енелерге салт-дәстүрден сұрақтар қойылды,

4-кезең – Келіндер қамыр жаюдан додаға түсті

5-кезең – Енелерге келіндері жайлы, келіндеріне енелері жайлы сұрақтар қойылып,  қатысушылар ұлттық салт-дәстүрімізден арнайы дайындаған көріністер қойды.  Әділ қазы әжелері енелер мен келіндердің бағасын берді. Келіндер сайысы тартысты да, қызықты өтті.  Көрермендерге салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылып, сыйлықтар таратылды.

 ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Семей қаласы бойынша өкілі, Данагүл Төлегенқызы мерекелік шараға атсалысқан барша ұйымдастырушыларға, қатысушыларға алғыстарын айтып, жүлдегерлерге сыйлықтарын табыстады.  Сайыс соңында қатысушылар мен көрермендерге кішігірім  дастархан жайылды.

 

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі