Екінші рет ұйымдастырылып отырған РАХМАННЫҢ ҚОНАҚТАРЫ атты, ОНЛАЙН-ОФЛАЙН форматта семинар тренинг өтті.
Дәрісті өткізудегі мақсат – отандастарымыздың ұлы сапарға рухани дайындығын пысықтау, толғандырған сауалдарына толық жауап беру. ҚМДБ Tawaf Travel қажылық компаниясының гиді Рашид Мейімбекұлы қажылық сапарына байланысты семинарда қажылықтың парыздары, рәсімдері, умра т.б. шарттар мен рүкіндер жайлы түсіндірді. Сонымен қатар, ихрам кию, шаш алдыру сияқты шариғи шарттар жайында аят-хадистерден дәлелдер келтіріліп, қажыларға қажетті маңызды мәліметтерді жеткізіп сұрақтарына жауап берді. Семинар-тренинг Instagram тікелей эфирі және Zoom қосымшасы арқылы өтті.
“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру