СЕМЕЙ ӨҢІРІ МЕШІТТЕРІ АРАСЫНДА ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

    Семей өңірінде «Ислам-ынтымақ және бірлік діні» аясында қала мешіттері  дін қызметкерлері мен жамағаты арасында футбол жарысы өтті.

Бірнеше сағатқа созылған турнирде жеңімпаздар алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік танылған командаға –100.000 , екінші орынға –70.000 , үшінші орынға -50.000 теңге көлеміндегі сыйлықтар және қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. «Дені саудың – жаны сау» дегендей, жастарды салауатты өмір салтына, ынтымақ пен берекеге шақыратын ойындар алдағы уақытта жалғасады.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жамағаттың бірлігін нығайтуға өзара ынтымақ пен бірлікті қалыптастыру.

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі