Аудан имамы Тимур Қайдарұлы діни ахуалды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Аудандағы ағымдармен жұмыс, мешіт қызметтері, зираттарды бір ізділікке түсіру, ел бірлігі талқыланды. Имамдар көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып Аудан әкімінің жауабына разылығын білдірді. Осылай діни ахуалды біліп, имамдардың жұмысымен танысып келген Аудан әкімі Нұрымбет Аманұлына имамдар батасын беріп, алғысын білдірді.
Жарма аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру