ХӘКІМ АБАЙ ЕЛІНДЕ МЕДРЕСЕНІҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ (ФОТО)

       Алланың ризалығына жетелейтін жол Ислам шариғатында жатыр. Соның бірі осынау алаш зиялылары шыққан, Алаш астанасы Семей қаласы Абай Құнанбайұлы мешіті жанында 150 орындық медресе және хатымхана құрылысының қазығы қағылды.

Медресе қабырғасынан  діни сауат ашып, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәлім мен тәрбие ордасы. Бұл игі әс-шараға, Семей қаласының әкімі Баяхметов Бақытжан Кәкенқаджиұлы және ҚМДБ Уақып қорының басқарма төрағасы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы мен Семей өңірі Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы және қала имамдары мен ақсақалдар қатысты. Игі бастауды қолдаған барша жамағатқа ең алдымен қала әкімі Бақытжан Кәкенқаджиұлы алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Екінші сөз алған Ардақ Нүсіпханұлы: Мешіт-медресе салу қазақтың салт-дәстүріне сай әрекет екендігін айтып, осындай керемет бастамаға келген ықыласты болудың сауапты амал екендігі жайлы уағыз айтты. Сөз соңында қала бас имамы Асқар Әбітайұлы: Семей өңірінде бірнеше медресе болғанын, алаш арыстары мен қазақ зиялыларының ең бірінші оқу мен білудегі, тәлім-тәрбиенің бастамасы осы медресе болғандығын қаперге салды. Медресе темір қазығы қағылып болғаннан кейін аузы дуалы аталарымыздың тарапынан бата берілді.

KASPI GOLD:   4400 4301 1443 6329

KASPI  НОМЕР: 8 747 268 19 83 ҒАЛЫМБЕК Д.

HALYK BANK:  KZ21601A261000236911