СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРАН ХАТЫМ БАҒЫШТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Семей  қалалық “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде елі мен жерін қорғап, халқының тыныштығы үшін зұлмат соғысқа қатысқан ержүрек майдангерлер мен тыл еңбек ерлерін  еске алып, рухтарына құран бағышталды.

Еске алу, дұға ету шарасы Семей қаласының бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен жүзеге асты. Орталық мешітте бесін намазынан кейін құран оқылып, ел тәуелсіздігін аңсап кеткен  рухына дұға бағышталды.  Халқымыздың бірлігі мен ынтымығын сақтау, тәуелсіз еліміздің мәртебесі қашанда биік болуын тіледі. Сұрапыл соғыстан отбасыларына оралмаған, Отаны үшін шейіт болған марқұмдар рухына Құран бағыштап, дұға жасады.