БАЛАЛАРДЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

Абай облысы «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешіті  балалар үйіне барып құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Балалар үйіндегі жүйке ауруларымен науқастанатын, ата-аналары тастап кеткен, толық емес отбасыдан шыққан балаларға құрбан айт қоржындары таратылды.

Абай облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы: «Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады», – деген екен. Алла Тағала балалар үйінің ұжымына атқарып отырған әр істерін сауаптан жазсын!» деген тілегін жеткізді. Шара ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың жүрегіне жылу ұялатып, жүздеріне күлкі сыйлау мақсатында ұйымдастырылды. Асыл дінімізде жабырқаған жанды қуантуға баса көңіл бөлінеді.