ЖЕЗКЕНТ: ШӘКІРТТЕР ТӘЖ КИДІ (ФОТО)

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, “Әйел қыздар” секторының ұйымдастыруымен Абай облысы бойынша ҚМДБ Әйел-қыздар секторының  жетекшісі  Данагүл Төлегенқызы  «Жезкент» ауылдық мешітінің Құранға түскен  шәкірттеріне тәж кигізіп,  сыйлықтар мен сертификат табыстады.

Әйел-қыздар секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы Құран үйрену мен жаттаудың екі дүниедегі артықшылығы, Құранның маңыздылығы туралы уағыз-насихат айтты. Іс-шара соңында үлкендер  ұйымдастырушыларға ақ бата берді.