АЯГӨЗ: ҚУАНСА – БАЛА ҚУАНСЫН (ФОТО)

Сүннеттердің ішіндегі ең нәзігі – сыйлық жасау дәстүрі. Бұл адамдардың арасында достық пен сүйіспеншілікті нығайтады. Әбу Һурайра (р.а.): «Бір-біріңе сыйлық жасаңдар, бір-біріңді жақсы көресіңдер», – деген хадис жеткізген.
Біздің дана бабаларымыз: “Қуантсаң баланы қуант, ол сенің жарқын болашағың”,- деген тағылымды ұлттық тәрбие негізі деп қараған.
Осы бір игі дәстүрдің жарқын жалғасы ретінде «Мектепке жол» акциясының аясында Аягөз орталық мешітінің ұйымдастыруымен 125 балаға оқу құралдары топтастырылған сөмке сыйланды.
Аталмыш қайырлы іске қол созып, үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын!
Білім нәрін жинап жүрген бүлдіршіндеріміз кемел келешегіміз болып өсіп, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғырлы ұл-қыздары болсын. Әмин!