«Халал Даму»-дың Абай облысы бойынша жауапты өкілі Айдын Жүнісбек «Айша» сауда белгісімен шығарылатын «Қалиханұлы» сүт фабрикасында кезекті бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.
«Тексеріс барысында фабриканың барлық жұмыстарында халал стандарт талаптарының сақталуы басты назарға алынды. Сүт өнімдерін өндіру және қаптау барысында замануи және жоғарғы сапалы әлемдік
көшбасшылардың бірі ретінде танылған Tetra Pak құрал-жабдықтары қолданылады. Сүт фабрикасының барлық процессінде «QMDB Halal» стандарт талаптары сақталған және өнімдер жоғары сапада өндірілуде. Тексеріс нәтижесі оң», – деп хабарлайды бақылаушы маман.
Пікір қалдыру