Жүрегі Алланың жердегі үйі құлшылық ордасы мешітке байланған жамағат үшін жақсы жаңалық орын алды. Жөндеу, тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан Аягөз орталық мешітіне су жаңа жасыл кілемдер жайылды. Қайырлы қайырымдылық ісіне демеуші болған
Сарсекенов Асқар Садықұлы мен Дәмелі қажы Дүйсенбайқызының ұрпақтарының атынан үлес қосқан Мүсәпірбеков Жанат Жантұяқұлдарына Алла разы болсын айтып жұртшылық ыстық ықыластарын білдіруде.
“Жаңа жайылған кілемде намаз оқыған әрбір пенденің жасаған ізгі дұғасының сауабы сәждеге бас қойған сайын, сол игілікті іске ат салысқандарға да барып тұрады. Алла үйі – мешітті көркейтуге атсалысқан осындай абзал азаматтарымыздың ізгі ниет игі амалдары Жаратушының назарына алынып, екі дүние бақытын нәсіп етсін” – деп, бас имам Алмас Айткәрімұлы намаздан соң өткендерге Құран бағыштап, дұға жасады.
Пікір қалдыру