1000 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен “Тайқазан” жобасы аясында 1000 отбасыға гуманитарлық көмек акциясы бастау алды. Қайырымдылық шарасы он күнге жоспарланып отыр. Күніне акция аясында көмекке мұқтаж 100 жанұяға азық-түлік таратылатын болады. Жалпы ұзақ мерзімге жарамды азық-түліктердің бір отбасыға шаққандағы  бағасы 20 мың теңгені құрап отыр.

Шара ұйымдастырушыларының сөзінше, алдағы уақытта бұндай игі бастамалар жиі өткізілмек.