Семей қаласында әлеуметтік аз қамтылған және мүгедек жандарды қолдау мақсатында «Жылу сыйла» акциясы өткізілді. Шара барысында 4 тоннадан 25 отбасыға тегін көмір үлестірілді. Игі бастаманы ұйымдастырушы «Зекет және қайырымдылық» қорының мамандарының сөзінше, акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Осылайша, мұқтаж жанның кем-кетігін бүтіндеп, сүрінгенге сүйеу болсақ Алланың алдында да, ағайынның алдында да жүзіміз жарық болмақ.
Пікір қалдыру