БАС ИМАМ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» ҚАЙРАТ РҰСҚҰЛБЕКОВТЫҢ БЕЙІТІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Бүгін – халқының салт-санасы, діні мен ділі, тілі, ұлттың мүддесі үшін әділдік талап етіп, 1986 жылы желтоқсан оқиғасында жазықсыз жапа шеккен жандарды еске алатын, олардың рухына Құран-дұға бағыштайтын күн.

Атаулы күн қарсаңында Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы қала іргесіндегі мұсылман қорымында жерленген «Халық қаһарманы», желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың бейітін зиярат етіп, Құран бағыштады.

“Елінің ертеңі үшін Тәуелсіздік жолында жанын қиған есіл ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды. Дәстүрімізге сай, үнемі дұғамызға қосып, рухтарына Құран бағыштау, Алладан мейірім тілеу, өткенге салауат айту – баршымыздың міндетіміз”, – деді Бас имам.