МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛЫП ДҰҒА ЖАСАЛДЫ

Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы арнайы қатысып, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға, олардың асыраушылары мен дәрігерлерге, қамқорлық танытып жүрген азаматтар үшін арнайы дұға жасады.

Еске салайық, мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні 1992 жылдан бері БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы “мүгедектердің қажеттілігін ескере отырып, пандемиядан кейінгі инклюзивті және тұрақты әлемге жол салу” деп аталады.