Дубайда 3D-принтермен басып шығарылған тұңғыш мешіт пайда болмақ.
Біріккен Араб Әмірлігінің премьер-министрі Мұхаммед бин Рашидтің бастамамсымен жүзеге асатын жоба 2025 жылы аяқталып, Алланың үйі келушілерге есігін айқара ашады деп күтіулде.
Мешіттің аумағы 2000 шаршы метр болады. Ол жерде бір уақытта 600 адамға дейін құлшылық қыла алады.
Жоғары технологиялық принтермен мешіттің детальдарын басып шығару биыл қазан айында басталмақ. Алдағы жылы 3 оператордың басқаруындағы роботтандырылған 3D-принтермен мешіттің құрылыс материалдары басылады. Құрылғы сағатына 2 шаршы метрдің құрылыс материалдарын басып шығара алады.
Пікір қалдыру