Абай облысында ауа-райының қолайсыздығынан туындаған келеңсіздіктерге байланысты «Зекет және қайырымдылық» қоры бірқатар іс-шараларды қолға алды. “Жылу сыйла” қайырымдылық акциясы аясында қордың жауапты мамандары Семей қаласында орналасқан аялдамалардағы автобус күткен жолаушыларға ыстық шай таратты. Шара барысында 100-ге жуық жанға ыстық сусын үлестірілді. Игі бастаманың куәсі болған жолаушылар алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, алдағы уақытта «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қала ішінде “Тегін такси”, егде жастағы қарттардың ауласын қардан тазарту, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмір ұлестіру сынды қайырымдылық шаралары іске асырылатын болады.
Пікір қалдыру