«ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР» СЕКТОРЫ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Семей қалалық «Төкеш» мешітінде облыстық «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Сауда саттық әдебі» атты жас кәсіпкерлерге арналған шара өтті. Жиынға қала және аудан кәсіпкерлері мен әйел жамағаты жиналды.

Кездесу барысында «Тыныбай» мешітінің наиб имамы, ұстаз Қуаныш Файзоллаұлы кәсіпті жүргізуде шариғат шеңберінен шықпау керектігі жөнінде уағыз-насихатын жеткізіп, жиналған жамағаттың сұрақтарына жауап берді.    Сондай ақ,  ұстаз Динара Тұрлықожанова кәсіпте Алла Тағаланың разылығын іздеуді де ұмыт қалдырмау керектігі туралы уағызын айтты.

Жиын бернеше бөлімнен тұрды. Алғашында жас кәсіпкерлер өзінің өнімін таныстырса, артынан жәрмеке өткізіп, ұйымдастыруышылар қызықты ойындар өткізді. Кездесу соңында «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, ұстаз Данагүл Төлегенқызы игі бастамаға қолдау көрсеткен демеушілерге ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.