ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ДІНИ НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басқосу өтті. Жиынға қарттар, еңбекке жарамсыз азаматтармен  І-ІІ топтағы мүгедектігі бар жандар қатысты.

Кездесуде Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы және «Қазығұл ата» мешітінің имамы Масғұд Татығанбайұлы «Ережеп- қасиетті ай» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.  Жиын соңында қатысушылар имамдарға алғыс білдіріп, көкейлерінде жүрген сұрақтарға толыққанды жауап алды.