БАС ИМАМ АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Аягөз ауданына жасаған арнайы іс-сапары барысында жоспарға сәйкес аудан әкімі Сейілбек Абиұрұлымен кездесті.

Кездесуде Асқар Әбітайұлы осы жылы атқарылатын Діни басқарма бекіткен негізгі бағыттар мен алдағы жоспарлар жайында баяндап, өңір басшысымен ортақ мүдделер тұрғысынан бірлесе қызмет жасауға келісті.

Сондай-ақ, берекелі басқосуда қос тарап өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау жолында дін мен дәстүр сабақтастығы төңірегінде бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.