БАС ИМАМ АУДАН ИМАМДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Аягөз ауданына жасаған сапары барысында аудан имамдарымен кездесу өткізді. Жиында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы қозғалып, мүфтият тарапынан бекітілген атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспары таныстырылды.

Нақтырақ айтсақ, облыстың бас имамы уағыз айту әдебі, оқу-ағарту, насихат жұмыстарында заманауи тиімді тәсілдерді қолдану, жамағатпен, қоғаммен тығыз байланыс орнату, рухани ұлттық құндылықтарды, дін мен дәстүрді дәріптейтін іс-шараларды көбірек ұйымдастыру, жат ағым арбауынан сақтандыру, өңірді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, дін қызметкерлерінің тұлғалық бейнесін қалыптастыру, мешіт тазалығы, құжаттамаларын реттеу жұмыстарын жүйелі атқарып, көркем мәміледе насихаттауды тапсырды.

Жиын соңында Асқар Әбітайұлы имамдарға Абай облысындағы діни ахуалдың тұрақты әрі бейбіт болуына ықпал ету арқылы қоғам тыныштығын сақтап, ел бірлігін арттыру жолында игі істер атқаруға  шақырды.