ӨҢІР ИМАМДАРЫ МЕДРЕСЕ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Семей қаласына арнайы іс-сапармен келген облыс имамдары “Абай Құнанбайұлы” орталық мешітінің жанынан бой көтерген медресе құрылысымен танысты. 

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқанынан хабардар етіп, дін қызметкерлеріне насихат жұмыстарын мейлінше кеңінен жүргізуге шақырды.

Ел игілігіне биыл беріледі деп жоспарланған медресе 100 шәкірттің білім алуына арналған. Сонымен қатар, ілім ордасының жанынан хатамхана да салынады деп күтілуде.