АЙДЫН ЖҮНІСБЕК ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

“Тас” мешітінің наиб имамы Айдын Жүнісбек Абай өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің офицері капитан С.Амангелдімен бірлесе 28738 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкерлермен кездесті.  “Жарғыдан тыс қарым-қатынас пен суицидиалды іс-әрекеттердің алдын алу” тақырыбында өткен сұхбат барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, тақырып жан-жақты түсіндірілді.