БАС ИМАМ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Асқар Мұқанов мұсылман үмметі үшін ұлық саналған Рамазан айы жайлы баяндап, қасиетті айда атқарылатын іс-шараларға тоқталды.

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдады. Биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі деп бекітілді. Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді.

Жоспарда Рамазан айының әр жұмасында «Қайырымды жұма» акциясын өткізу, «Рамазан қоржыны» атты бастамамен мұқтаж отбасыларға қайырымдылық шарасы, «Шарапатты Рамазан» атауымен ауызашарлар беру және «Рамазан тәттісі» акциясымен балаларға базарлық тарату ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Рамазан айында ішімдік ішілмесін» бастамасын көтереміз”, – деді баяндамасында облыстың бас имамы.