«ХАЛАЛ-ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ»: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Абай облысына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ-ға қарасты “Халал Даму” стандарттау және сертификаттау орталығының технологы Әсел Таңатар әйел жамағатына арналған семинар өткізді. “Халал-шариғат талабы” тақырыбында өткен семинарға 20-дан астам әйел-қыздар қатысты.

Кездесуде тағамдық қоспалар, химиялық  мен күмәнді заттарды пайдаланудан туындайтын аурулар, халал өнімдерді тұтынудың маңыздылығы жөнінде дәріс оқылды. Жиналған жамағат технолог маманға толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.