Бүгін «Шәкәрім Құдайбердіұлы» университетінде кәсіпкерлерге арналған «Халал-шариғат талабы» атты семинар-тренинг өткізілді.
Абай облысына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Аташев семейлік кәсіпкерлермен кездесіп, халал өнім өндірудің маңыздылы турасында дәріс оқыды. Семинар барысында Айбек Асқарбекұлы кәсіпорындарға қалай тексеріс жұмыстары жүргізілетінін, халал сертификаттары қалай берілетінін және енгізілген өзгерістер төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, табиғи қоспалар және доңыздан өндірілген түрлі заттардың діни және ғылыми негіздерге сүйеніп, харамдығын дәлелдеп берді.
“Қазақ халқы қашанда адал ұғымына ерекше мән берген. Тарихқа үңілсек ата-бабаларымыз тұлпарына доңыздың басқан шөбін жегізбей, адалдықты ұстанып, Алланың ақ жолынан жаңылмаған. Қазақ халқы адалдықты ерекше бағалаған. Адал жар, адал дос, адал ас, адал еңбек, адал перзент секілді т.б. ұғымдардың бәрі ұлтымыз үшін қасиетті құндылықтар”, – деді семинарда сөз алған Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы.
Пікір қалдыру