МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ АМАЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды көрісу күнімен құттықтады.

«Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқы береке мен ынтымақ мерекесі – Көрісу күнін тойлап жатыр.