Құрметті Абай елінің тұрғындары!
Баршаңызды шуақты көктем мерекесі, күллі түркі жұртының төл мейрамы, жыл басымыз – әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – қаһарлы қыстан аман шыққан халықтың шүкіршілік мерекесі, ұлысты жаңа жылға, жаңа көктемге, жаңа үмітке жетелеп рухани жаңғыратын, көңілдерге қуаныш сыйлап, шаттыққа бөлейтін сонау ерте заманнан келе жатқан ізгі дәстүрлі мейрам.
Күллі түркі жұртының төл тойы – әз Наурыз еліміздегі түрлі ұлтты ұйымшылдыққа ұйыстырып, кешірім мен мейірімнің мерекесіне айналып келеді.
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы. Халқымыз қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады.
Алла Тағала халқымыздың әр күнін қуаныш-шаттыққа бөлеп, рухани жаңғырып, ұлттық салт-дәстүрлерімізбен мерекелі ете бергей! Ақ мол болсын, өрісіміз төрт түлікке толып, құт қонған сайын даламызда егін жайқалып, ырысымыз бен берекеміз арта берсін!
Ізгі амалдарымыз көбейіп, екі дүниеде де бақытқа кенелгендердің қатарынан болуымызды нәсіп еткей! Әмин!
Асқар ӘБІТАЙҰЛЫ
Абай облысының бас имамы
Пікір қалдыру