АЯГӨЗ: ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАЛДЫ

Аягөз қалалық мешітінде қасиетті Рамазан айында басталған Құран Кәрімнің ақырғы паралары оқылып, соңғы тарауық намазында Құран хатымдалды. Темірлан қари намаздан соң Құран бағыштап, Бас имам Алмас Айткәрімұлы хатым дұғасын жасады. Құран хатымдалған жерде дұға қабыл болатындықтан, жамағат дұғаға қол жайып, келесі жылғы Рамазанға ел – жұрт амандығында, тыныштық пен берекеде жетуді тілеп, Жаратқанға жалбарынып, тілек тіленді. Темірлан қариға ақсақалдар бата беріп, алғыс хат табысталып, жамағат атынан қазақы игі дәстүрмен астына ат, иығына шапан жабылып сый жасалды.