ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Абай облысы “Әйел-қыздар” секторы семейлік әйел жамағатына ауызашар дастарханын жайды. Рамазан айында ораза ұстаған 100 жанның басын қосқан кеште рухани әңгіме айтылып, тағылымы мол көрініс қойылды. Сондай-ақ, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянынан мысалдар келтіріліп, салауаттың маңыздылығы  айтылды.

Рухани кеш Құран аяттарымен басталды. Кейін “Нұр-Мүбәрак” университетінің түлегі Тұрғангүл Мұратбекқызы арнайы қонақ болып, жиналған жамағатқа әсерлі уағыз-насихатын жеткізді. Кеш барысында викториналық сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. “Әйел-қыздар” секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразаларының қабыл болуын тіледі.