ҚАДІР ТҮНІНЕ 5000 АДАМ ҚАТЫСТЫ

«Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінде Қадір түні кешін өткізуге 5000 адам қатысып, таңды қарсы алды.

Мың айдан қасиетті Қадір түніне арнайы бағдарлама жасалып, уағыздар кестесі құрылды. Соған сәйкес кештің әр сағатында ғибратты уағыз айтылып, тарауих намазы оқылды. Құран Кәрімнің соңғы аяттары оқылған тарауық намазынан кейін хатым дұғасын жасалып, жер бетіне бейбіт өмір, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіленді.

Сонымен қатар, орталық мешіттің наиб имамдары мешітке келген көпшілік қауымға викториналық сұрақтар жүргізіп, алғыр  жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірді.