СЕМЕЙЛІК 150 МҰҚТАЖ ЖАНҰЯҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін «Абай Құнанбайұлы» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға көмек қолы созылды. 150 отбасыны қамтыған «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы аясында ұзақ мерзімге жарамды азық-түлік таратылды. Игі шара демеушілердің қолдауымен іске асып, жария садақа ретінде берілді. Аталған жақсылыққа қолдау білдірген жергілікті “Мөлдір су” компаниясының басшылары.

Еске сала кетейік, «Зекет және қайырымдылық» қоры қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінде 100 мұқтаж жанға азық-түлік үлестірсе, екінші он күндігінде 150 адамды қамтыды. Аталған шара жалғасын табады деп жоспарлануда.