ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен Абай облысының студент жастарымен Бас имам сағаты өткізілуде.
Аталған бастама аясында Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы және Қоғамдық даму басқармасы дін істері бөлімінің басшысы Айбек Еркінұлы Семей медицина университетінің студент жастарымен кездесті.
Кездесу барысында жастарға дін мен дәстүр сабақтастығы, мәдени құндылықтарымыз бен қазіргі қоғамның тұрмыс-тіршілігі және дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі, жат діни ағымдардан сақтанудың жолдары тәрізді тақырыптар қозғалды.
Жиын соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пірік алмасты.
Пікір қалдыру