САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Бүгін 31 мамыр – саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде қалалық дін қызметкерлері мен жамағаты жазықсыз жапа шеккендердің рухына Құран хатым дұғасы жасалып, Алладан ел амандығын мен жұрт тыныштығын тіледі.