Өңірімізде орын алған табиғат апатының салдарынан туындаған келеңсіздіктерге байланысты Абай облыстық “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешіт, Бородулиха ауданы және Озерки елдімекенінде құрылған 3 штаб үш күннен бері 5 тоннадан аса азық-түлік үлестірді. Жалпы саны 156 ерікті жедел штаб қызметінде жүр.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 290-нан астам бірлік техника жұмылдырылған.
Пікір қалдыру