МЫСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Мысыр Араб Республикасында білім алып жатқан студенттерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан дастархан жайылды.

ҚМДБ Төрағасының студенттермен кездесуі дастархан басында жалғасып, рухани әңгіме айтылды. Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы білім алудың маңызы мен пайдасы туралы айтып, шәкірттерді елге қызмет етуге шақырды.

Өз кезегінде «Талаба» қауымдастығына мүше қазақ студенттері ҚМДБ Төрағасына алғыс білдіріп, жасап жатқан қамқорлығына ризашылығын жеткізді.