ИМАМ-МОЛДАЛАРҒА ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

Жуырда Аягөз қаласында имам-молдаларға арналған үш күндік семинар-дәріс өтті. Семинар-дәріс Әл-Азһар университетінің түлегі, Семей қалалық “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешіттің наиб имамы Құттыбек Түменбай мен “Тыныбай” мешітінің наиб имамы Ардақ Миллетұлының менторлығымен ұйымдастырылды. Дәрістерде ақида және фиһ, ихсан, ахлақ сынды тақырыптар қамтылды.

Сондай-ақ дәрістен бөлек қатысушы имам-молдаларға “ҚМДБ концептуалды құжаттар”, “Ихсан – рухани тәрбие негізі”, “Діни экстремизмді алдын алу; теориясы мен практикасы” тақырыптарында семинар өткізілді.