БАС ИМАМ “ҚҰРМЕТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» ордені Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Мұқановқа берілді. Мәртебелі марапатты Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай театрында өткен салтанатты жиында табыстады.

«Президентіміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, осы сахна төрінде – «Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір, сондықтан әрқашан бірге болайық!» – деген сөзі – біздің өмірлік қағида, бұлжымас аксиома, бақытты өмір сүрудің формуласы болуы керек! Бүгін, Ақордада, Мемлекет басшысы Абай облысынан 3 жерлесітерімізді жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бүгінгі жиында да облысымызға еңбегі сіңген жерлестеріміз мемлекеттік наградалармен марапатталады. «Арғы-бергі тарихта» Абай елінен осынша адамның марапатталуы болған емес! Осының барлығы дербес облыс болуымыздың нәтижесінде мүмкін болған, ортақ қуанышымыз!» – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.