МАҚАНШЫДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚ МЕШІТ АШЫЛДЫ

Таяуда Мақаншы ауылында жаңа мешіт ашуы өткізіліп, қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы арнайы қатысып, мешіт құрылысына ат салысқан жандарға ризашылығын айтып, алғыс хатпен марапаттады.

“Облысымызда ислам діні өркендеп игілік пен ізгілікке ұмтылғандар саны күн санап көбейіп, ай сайын толысып келе жатқаны көңіл қуантады. Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды».  Сіздердің ат салысуларыңызбен бой көтерген мешітіміздің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын! Алғысым шексіз!” – деді Асқар Мұқанов сөзінде.

Жаңа мешіт жергілікті кәсіпкерлер мен жамағаттың демеушілігімен бой көтерген. Жалпы сыйымдылығы 700 адамды құрайтын жаңа мешіттің бас имамы қызметіне Құдакелді Берекеұлы тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қолданыста болған мешітті қатымхана ретінде пайданалу жоспарланып отыр.