АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРАН СЕКТОРЫНА ЖАУАПТЫ МАМАН ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

       Жақында ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ жанынан Құран секторы құрылған болатын. Соған сәйкес Абай облысы бойынша Құран секторына жауапты маман ретінде Шыңғысбекұлы Байбатыр қари бекітілді. Байбатыр Шыңғысбекұлы 1992 жылы қазіргі Абай облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. 2009-2013 жж. аралығында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ал, 2014-2018 жж. аралығында Нұр-Мүбәрак университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша білім алды.
2018-2022 жж. Семей қалалық Тыныбай мешітінде наиб имам қызметін атқарды. 2020-2022 жж. Түркия республикасында «Дәрул ухууә» ижаза орталығында Құран Кәрімді толық жаттап, Асым қырағаты, Хафс және Шуғба риуаяты бойынша Ижаза алды. Ижаза алған ұстазы – Мухаммад Бәшшәр Ғиззуддин Мәккия.
2022 жылдан бері Семей қалалық Хакім Хазрет мешіт-медресесінде ұстаздық қызметін атқарып, жас қариларды тәрбиелеумен айналысып келеді.
Байбатыр Шыңғысбекұлы қаридың алдағы қызметіне сәттілік тілейміз.