«УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРЫ

         Абай облысында «Қазақстан қоғамында уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» атты облыстық семинар болып өтті. Бұл семинарға Абай облысы Дін істері басқармасының басшысы Сейілбек Абұиырұлы және Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Серікқазыұлы арнайы қатысты.
Алғашқы сөзді бастаған Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы бүгінгі семинардың мән-мағынасына тоқталып, жақында Астана қаласында өткен «Қазақстан қоғамында уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» атты республикалық форум жайлы баяндап берді.
Келесі сөз кезегін алған Сейілбек Абұиырұлы алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Абай облысында жаңадан құрылып жатқан Дін істері басқармасы алдағы уақытта Абай облысы мешіттерімен тығыз қарым-қатынаста болатындығын жеткізді.
Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Серікқазыұлы биылғы Наурыз мерекесін атап өтудің жаңа тұжырымдамасын таныстырып, жоспарланған іс-шаралардың идеологиялық мазмұының баяндады.
Іс-шараның негізгі бөлімінде Уағыз-насихат бөлімінің Абай облысы бойынша жауапты өкілі Біржан Аманжолұлы семинарға қатысушы имамдарға республикалық форумда қабылданған «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасын таныстырып, мешітте, ас-хатым, жаназа, неке қию рәсімі және т.б. түлі шараларда уағыз айтудың мәдениеті мен әдептерін және жалпы уағыз айтудың әдіс-тәсілдері, уағыздың мазмұны, құрылымы, пайдаланылатын деректер жайлы егжей-тегжейлі баяндады.
Семинар соңында Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы аудан имамдарына аталмыш құжатты өздеріне қатысты ауылдық мешіт имадарына таныстырып, аудандық деңгейде семинарлар ұйымдастыруды тапсырды.