АБАЙ ОБЛЫСЫ МЕШІТТЕРІНДЕ «БІР МЕЗЕТТЕ БІР ДҰҒА» ЖАСАЛДЫ

Көктем келе салысымен еліміздің бірқатар өңірін су тасқындары орын алып, халқымыз қиын жағдаймен бетбе-бет келгені белгілі. Қаза болған отандастарымыздың иманы жолдас, мекендері жұмақтан болсын деп тілейміз. Ағайын-туыстарын сабырға шақырып, қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Дүние-мүлкі шығынға батқан жандарға Алла жеңілдігін берсін дейміз.

Осы орайда, Абай облысы мешіттерінде кешкі Құптан, Тарауық намаздарынан кейін мешіт имамдары мен жамағаттар бір ауыздан еліміздің амандығы, халқымыздың тыныштығы үшін, табиғи апаттардың тоқтау тауып, халқымыз қайтадан мамыражай тіршілікке көшуін тілеп дұға жасады.

Алла елімізді су апатынан, от апатынан, жел апатынан, зілзала т.б. табиғи апаттардан сақтасын деп тілейміз!