АБАЙ ОБЛЫСЫ: НӘЗІК ЖАНДЫЛАР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ

ҚМДБ, Абай облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Абай облысы әйел-қыздар жамағатының арасында Құран жарысы өтті. Ақ жаулықты апаларымыз да, ақ жүректі аналарымыз да, ару қыздарымыз да бақ сынаған бұл сайыс Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу, Духа-Нәс сүрелері арасында жатқа оқу және Құранды мәнерлеп оқу номинациясы бойынша болды.

Сайысқа Абай Құнанбайұлы мешітінің қызметкерлері Қуаныш Файзоллаұлы, Ералы ұстаз және Абай облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы төрешілік жасады.

Білім жарысына Семей қаласы мен Абай облысы аудандарындағы мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарында тәлім алып жүрген 30-дан астам нәзік жандылар қатысты.

Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша:

1-орын (30 мың тг) – Ұлбике Қалмуратова

2-орын (20 мың тг) – Мадина Мухаметқалиқызы

3-орын (10 мың тг) – Ақбота Заңғарқызы

Духа-Нәс номинациясы бойынша:

1-орын (50 мың тг) – Мақпал Сейселханқызы

2-орын (30 мың тг) – Әсел Шалқарқызы

3-орын (20 мың тг) – Зере Мақсұтқызы

30-шы пара номинациясы бойынша:

1-орын (75 мың тг) – Еркенұр Елдосқызы

2-орын (50 мың тг) – Саиданұр Омарбек

3-орын (30 мың тг) – Жаннұр Жасұланқызы есімді қатысушыларымыз жеңімпаз атанып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Қазіргі таңда Семей қаласы мешіттерінде әйел жамағаттарына дәріс беретін 3 әйел ұстаз, аудандарда 3 әйел ұстаз қызмет етіп келеді. Жалпы алғанда, жыл бойына қыз балаларға арналған діни сауат ашу курстары, жазғы демалыста «Имани жаз» курстары тұрақты түрде ұйымдастырылып, қара көздеріміздің рухани сауатын арттыруға бағытталған игі істер көптеп қолға атқарылып жатыр.