Абай облысы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітінің хатымханасында 200 адамға арналып ауызашар дастарқаны жайылды.
Ауызашар дастарқаны «Рамазан – Құран айы» атты рухани кеш форматында өтті. Кеш барысында Абай облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы ұстаз қасиетті Құран түскен айда Құран Кәрімнің құндылығы жайлы және мың айдан қайырлы Қадір түнінің маңыздылығы туралы насихат айтты.
Мешіт шәкірттері мен жамағаттары рухани көрініс қойып, жамағаттың назарын мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарына аударды.
Сондай-ақ, ауызашар кешіне арнайы шақырылған «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиешілері кәдесыйларын табыстады.
Біріңғай әйел-қыздар жамағаты ғана бас қосқан рухани кеште өнерлі қаракөздеріміз рухани жырлардан шашу шашты.
Кеш соңында ақ жаулықты әжелеріміз бата беріп, еліміздің амандығы үшін дұға жасады.
Пікір қалдыру