БАС ИМАМ ТАЛ ЕГУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

2024 жылғы сәуір айының 12-сінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Семей филиалына қарасты  Пригород орманшылығының 164-ші кварталында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Семей орманы – менің орманым» атты қалалық ағаш егу іс-шарасы  өткізіледі. Акцияға Семей қаласы әкімдігі, Ардагерлер кеңесі,   Жастар одағы, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы,  Семей қаласының алғашқы әскери даярлық орталығы, Әскери-техникалық мектеп, спорт ардагерлерінің бастауыш ұйымы, мешіт имамдары,  ЖОО студенттері  қатысады.

           «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватын егу материалдарымен қамтамасыз ету үшін резерват аумағында кәдімгі қарағай өскіндерін өсіретін 8 орман тұқымбағы және 1 Орман тұқымбақ кешені жұмыс істейді. Биыл 7 орман тұқымбағы мен аталған Орман тұқымбақ кешенінен 24462100 дана екі жылдық ашық тамыр жүйелі қарағай өскіндері қазып алынады. Бүгінге дейін 20 миллионнан астам өскін қазып алынды.

Қазір филиалдарда өскін қазу және ағаш отырғызу жұмыстары қатар жүргізілуде. Әзірге 280 га аумаққа ағаш отырғызылды. Көктемгі ағаш егу науқанында  44 автокөлік, 51 трактор және 522 адам жұмыс істеп жатыр.

          2024 жылы «Семей орманы» резерваты  мемлекеттік орман қорының  6100 га алқабына (көктемде 5139 га, күзде 961 га) 28 млн 700 мың дана жас өскін егеді.