АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЙЫРЫМДЫ ЖҰМА АКЦИЯСЫ

Абай облыстық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қасиетті жұма күнінде Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіт жанында аз қамтылған, көп балалы 15 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Әр отбасына күнделікті қажетті азық-түліктер табысталды. Алдағы уақытта да бұл акция әр жұма сайын тұрақты түрде жалғасын табады.

Абай облыстық Зекет және қайырымдылық қорына көмек сұрап өтініш жазған адамдарға сараптама жасалып, ретімен осылай жәрдем беріліп отырады.